Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде "Шал, кет!" деп ұрандаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Қаңтар оқиғасы кезінде "Шал, кет!" деп ұрандаған алматылық Әділет Мусинге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Сот үкімімен М. есімді азамат тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Рақымшылық туралы заңның қолданылуымен, оның жазасы тоғыз айға қысқартылды", - деп хабарлайды Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі.

Әділет Мусинге ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2, 3-бөлігі бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылды.

Сот Мусиннің 2022 жылғы 5 қаңтарда Алматы қаласында енгізілген төтенше жағдайға қарамастан күш қолданумен, погромдармен, өртеумен, қиратумен, мүлікті жоюмен, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетумен айналысқанын және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, басқа азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу сынды тәртіпсіздіктерге қатысқанын анықтады. 

Тергеушілердің айтуынша, Алматы тұрғыны мен басқа да қатысушылар полиция мен әскери қызметкерлердің қоршауын бұзып өткен.

"Осыдан кейін ол көпшілік алдында сөз сөйлеп, арандатушылық ұрандар мен сөздер айтып, халықты биліктің заңды талаптарына бағынбауға белсенді түрде шақыра бастады. Осыдан кейін ол көліктерді қиратып, полиция қызметкерлеріне тас лақтыра бастады", - делінген ақпаратта.

Талқылау