"Қан сорғалап жатты": Алматыда дәмханада отырған қызды пышақтап кетті

Алматыда дәмханада отырған қызды пышақтап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Болған оқиғалар туралы алдымен әлеуметтік желілерде ақпарат пайда болды. Жәбірленуші атынан жазылған жазба Instagram-дағы пабликтердің бірінде жарияланды.

Жәбірленушінің айтуынша, ол дәмханада жақын достарымен бірге отырған. Ал шабуылдаушымен дәретханада кездестіп қалған.

"Ол қыз менің назарымды өзіне аударуға тырысты. Маған түрлі сұрақтар қойып, жанжалға итермеледі. Өзімді ыңғайсыз сезініп, жайыма қалдыруды өтіндім. Бірнеше секундтан кейін менің арқама пышақ сұқты. Менен қан сорғалап ағып жатты", - делінген жазбада.


Сондай-ақ, шабуылдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кетті, ал жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылып, операция жасалыпты.

Полиция түсіндіргендей, бұл қылмыс 5 қыркүйекте Медеу ауданында болған.

"Қылмыс жасады деген күдікпен азаматша ұсталды. Б. есімді қыз жанжал барысында ол азаматшаға екі рет пышақ жарақатын салғаны анықталды. К., есімді қыз ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша біліктілік анықталып, процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр