"Ит арқасы қиянда" тіркесі қайдан пайда болған?
Кейбір тұрақты сөз тіркестерін жиі естиміз, олардың түпкі мағынасын, қайдан шыққанын біле бермейміз. Бүгінгі материалымызда "ит арқасы қиянда" тіркесі туралы айтамыз.

Ит арқасы қиянда — алыс, шалғай мағынасындағы тұрақты сөз тіркесі. Неліктен ит арқасы қиянда деп аталғаны туралы әлі күнге дейін интернет беттерінде материал жоқ.
Алдымен, бұл тіркестегі "итарқа" сөзінің мағынасын біліп алғанымыз жөн.
Итарқа — көш-қон кезінде екі керегенің басын түйістіріп тіккен баспана. Ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде осы баспана түрін жиі пайдаланған. Кейде, тіпті, кейбір қыстауларға итарқа тігіп, сол жерде қалдыратын болған. Көшіп кеткен соң, итарқалар көз ұшында алыстап қалады екен. Сондықтан да, алыс, шалғай деген мағынаны білдіруде "Ит арқасы қиянда" деген тіркесті қолданған.
Бұл тіркес қазіргі таңда әдеби сөздердің қатарында белсенді қолданылатын тіркес болып табылады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”