Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инстаграмда түрікше пост жазған «Ринголық» Аянның басы дауға ілікті

«Ринголық» Аянның дәл осы инстада басы дауға қалды. Түрік тілінде пост жазған әнші жігітке фоллоуверлері қоқан-лоққы көрсеткен көрінеді. Оқиғаның мән-жайын Бірбаевтың өзі айтып берсін.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Аян Бірбаев жазбаларын қазақ, орыс және түрік тілінде жариялайды. Алайда, «Ринголық» әншінің бұл қадамына кереғар пікір білдіретін қандастарымыздың қарасы мол көрінеді.

“Ойй, не? Орысша неге жазасың, түрікше неге жазасың, сол саған керек пе? Қазақ емессің бе деген сияқты. Мен ондай адамдарды түсінбеймін. Ойбай, бұл енді сонша тіл біледі соны мақтану мақсатында жазады-ау деген сияқты”, – деп түсіндірді әнші.

Оның өзіндік себебі де бар. Аян оқушы кезде 5 жыл бойы қазақ-түрік лицейінде білім алған. Ал, инста парақшасында бірнеше тілде жазба жариялау идеясы, «Рингоның» шет елдік фанаттарының өтінішінен туындаған екен.

“Қазақша-орысша жүргізе бастадым. Одан кейін түрік достарымыз, түрік бауырларымыз жаза бастады. Біз сіздің өнеріңізді ұнатамыз. Сіздің парақшаңыздың оқырмандары едік. Бізде түсінейін деп едік. Сіз не жазып, не туралы, жаңағы хабарларыңызды білсек деген сияқты”, – дейді Аян.

Жіберіп алмаңыз:

Министрлік өкілі салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімін атады

Тараз тұрғыны Аша Матайды тікелей эфирде ұялтып, кемшілігін бетіне басты

Сынақтан сабақ алдым: Кенжебек Жанәбілов науқас балаларға арнап мектеп ашпақшы

Мақпал Жүнісова Инстаграмға “ішкен-жегенін” салатын әріптестерін сынап тастады

Талқылау