Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск аутизммен ауырамын деп өзінен күдіктенген

Америкалық миллиардер Илон Маск өзінде психологиялық бұзылыс бар деп күдіктенеді. Ал оның анасы Мэй Маск ұлындағы аутизм белгілері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru  басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәсіпкердің ресми диагнозы болмаса да, туыстары оның мінез-құлқындағы ерекшеліктерді бірнеше рет байқаған. 

"Оған бала кезінде диагноз қойылмаған. Бірақ өзінде Аспергер синдромы бар екенін айтады", - деді анасы Мэй Маск.

Илон Масктың бірінші әйелі Джастин Уилсон онда Аспергер синдромы бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, экс-күйеуі адамдармен қарым-қатынаста қатты қиналған. 

"Оның отбасылық қарым-қатынасын қиындататын нәрсе эмоционалды алшақтық. Ол осы арқылы бизнесте табысқа жетті", - деп жазады Уолтер Айзексон "Илон Маск" кітабында.

Масктың тағы бір ықтимал диагнозы - психологиялық бұзылыс. Бұл нұсқаны миллиардердің өзі Twitter-дегі (қазіргі X) жазбаларында растады. Бұл туралы Tesla бас директоры Джон МакНейл де айтты. Оның айтуынша, Маск өзінде ауру бар деп күдіктенген, тіпті психиатрға бармақшы болған. Бірақ ешқашан психологтың есігін қақпаған көрінеді.

Маск Айзексонға берген сұхбатында аутизм туралы ештеңе айтпаған, бірақ өзінің психологиялық қиындықтарға тап болғанын растады. Оның айтуынша, өміріндегі жағымсыз кезеңдер белгілі бір ауыр оқиғалармен байланысты болған. 

Талқылау