Иесін құтқарамын деп өзі өртеніп кеткен
АҚШ-тың Оклахома штатыдағы Инид қаласында ит бір отбасыны құтқарамын деп өз жанын құрбан етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
27 қазанға қараған түні серуендеушілерге арналған саябақтардың бірінде адамдар тұратын фургон отқа оранған. Фургон тұрғындарының бірінің айтуынша, түтіннің иісін сезген ит жатын бөлмесіне келіп, иесін оятуға кіріседі. Итінің даусын естіп оянған бала, басқаларын ұйқыларынан тұрғызып үлгерген.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, тілсіз жаудың негізгі себебі қараусыз қалдырылған шырақ болған көрінеді.
Өкінішке орай, иелерін оятып үлгерген иттің өзі қарбаласта отқа оранған фургонның ішінде қалып қойған. Қазіргі таңда, көлік қалпына қайта келтіруге мүмкін емес деп танылған, ал иттің иелері достары мен туыстарының үйіне көшірілді.
Талқылау