ХАМАС балаларды жаппай өлтірді деген айыптауларды жоққа шығарды
Палестиналық ХАМАС қозғалысы өздеріне тағылған Израильде балаларды өлтірді және бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады деген айыптауларды жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Al-Araby порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Global Look Press
ХАМАС "Әл-Ақса дауылы" әскери операциясының "заңды нысанасы" тек Израиль әскері екенін, сонымен бірге операция барысында бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаудан аулақ болуға тырысатынын атап өтті.
"Біз кейбір батыстық ақпарат құралдарының “балаларды өлтірді, бастарын кесті және бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады” айыптауларының жалған екенін растаймыз", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қозғалыс БАҚ-ты Израильдің Газа секторындағы "әскери қылмыстар мен геноцидпен тең" қылмыстарын жасыруға тырысты деп айыптады.
Бұған дейін бірқатар БАҚ израильдік журналист Николь Зедекке сілтеме жасай отырып, Газа секторы маңындағы Кфар Азада кемінде 40-қа жуық баланың өлтірілгені туралы жазған болатын. Зедектің өзі сарбаздардың әңгімелеріне сілтеме жасады.