Головкиннің Джейкобспен жекпе-жек алдындағы су жаңа суреттері пайда болды (фото)
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы кездесуге дайындығын жалғастыруда.
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Бокс туралы мәліметтер жариялайтын америкалық журналист Стив Ким Головкин жаттығып жатқан The Summit залына барған.
Ол өз әлеуметтік желісінің парақшасында қазақстандық боксшының су жаңа суреттерін жария етті.
Еске сала кетсек, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні Madison Square Garden аренасында өтеді.
HBO телеарнасы бұл кездесуді ақылы трансляция түрінде көрсетеді.
Ал елімізде “Қазақстан” және Kazsport телеарналары таратпақ.
Оқи отырыңыз:
Головкиннің Джейкобстен кейін кіммен кездесетіні белгілі болды
Универсиаданың ашылуына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды
Талқылау