Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды – БАҚ
Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы ісі бойынша ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nege порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото ресми дереккөзден
Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазып жатыр.
“Бұл шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар бойынша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс аясында қабылдады", – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 20 наурызда Бас прокуратура Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасы ісі бойынша жауап алғанын хабарлаған едік.
Тұрғымбаев ІІМ-ді 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарды. Ал 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады