Генадий Головкиннің байлығы мен айлық табысы белгілі болды
Кәсіпқой боксшы Генадий Головкиннің ай сайын қанша табыс табатыны және жалпы байлығы қанша екені белгілі болды. Деректі Сaknowledge.com сайты жинақтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дерекке сүйенсек қазақстандық спортшының дәл қазіргі уақытта байлығы 35 миллион долларға бағаланады. Бұл теңгеге шаққанда 15,7 миллиард теңге. Ақпарат Wikipedia, Forbes, Bloomberg интернет-ресурсы бойынша жинақталған. Сонымен қатар Головкиннің ай сайын шамамен 0,1 миллион доллар табатыны да жазылып отыр. Орта есеппен алғанда сол табыс – жылына 3 миллион доллар.
Ақпаратта спортшының 2022 жылы байлығы - 32 миллион доллар болғаны, ал 2021 жылы - 29 миллион долларға, 2020 жылы – 26 миллион, 2019 жылы – 24 миллион, 2018 жылы - 23 миллион долларға бағаланғаны көрсетілен.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр

