Ғалымдар қатерлі ісіктен сақтанудың негізгі әдістерін атады

Ұлыбританияда Қатерлі ісікті зерттеу орталығының ғалымдары онкологиялық аурулардың пайда болуының басты себептерін анықтады.  Сонымен қатар мамандар қатерлі ісікке шалдыққан науқастар санын қалай азайтуға болатынын айтты.

Бұл туралы Eurekalert сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Шетелдік басылымдағы мәліметке сәйкес, бір ғана Ұлыбританияның өзінде жыл сайын 135,5 мың адамның қатерлі ісікке шалдығуының алдын алуға болады екен.

Қатерлі ісіктің пайда болуының кең таралған себептерінің бірі – темекі түтіні. Онкологиялық ауруларға шалдыққан ерлердің 17,7 пайызы, әйелдердің 12,4 пайызының дертті болуына дәл осы себеп ықпал еткен. Ал қатерлі дертке алып келетін себептердің екіншісі – артық салмақ болса, қыздырыну кезіндегі ультракүлгін сәулелері тізімдегі үшінші орыннан көрінді.

Онкологиялық аурулардың пайда болуының басқа да себептерінің қатарында ішімдік ішу, ауаның ластануы, жасұнықтарды шамадан тыс мөлшерде тұтыну бар. Ғалымдардың айтуынша, салауатты өмір салтын ұстану арқылы қатерлі ісіктің алдын алуға болады.

«Салауатты өмір салты сіздің қатерлі ісікке шалдықпайтыныңызға кепіл бола алмайды. Алайда сақтануға мүмкіндік бар. Бұл сандар әрқайсымыздың қатерлі дерттің пайда болу қатерін алдын алатын шараларды қолдана алатынымызды көрсетеді», – дейді орталық басшысы Харпал Кумар.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде адамдарға хиджама арқылы астыртын ем жасап жүргендер анықталды

Жеміс шырыны адам денсаулығына өте қауіпті болып шықты

ШҚО-да дәрігер тастанды баланы құтқару үшін өзі емізген

Рак дертіне шалдыққан алматылық әйел 5 баламды кімге табыстаймын деп жылады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр