Ақтөбеде адамдарға хиджама арқылы астыртын ем жасап жүргендер анықталды

Ақтөбеде дін адамдарды емдеу саласына да енді. Мұнда адамдар хиджама әдісі арқылы жиі емделе бастаған.

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Хиджаба әдісі бойынша маман адамның денесіндегі ауырған жерін тіліп, құты қойып, қан алады. Мұндай ем жасалатын жеке меншік үйлерде санитарлық талаптардың сақталмауы ақтөбеліктерді алаңдатпайтын тәрізді. Тіпті, адамдар көптеп келе бастағандықтан, мұндай кабинеттер саны да артып келеді. Олар хиджама арқылы ересектерді де, балаларды да емдеп жүр.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүл туралы білгенімен, күресуге шарасыз көрінеді.

«Біз хиджама жасалатын кабинеттерді тексере алмаймыз. Себебі бұл жеке бизнес. Адамдарға қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне (СЭС) шағымдану керек. Сонда ғана прокуратура арқылы мамандар тексеріс жүргізіп, шара қолдана алады. Адамдар хиджама әдісінің көмегімен қан алдыру арқылы АИТВ (ВИЧ), В, С вирустық сары ауруын жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар процедура барысында адамдар зақымданудан шок алуы мүмкін», – дейді Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басқарушысы Әсет Қалиев.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хиджама жасау үшін қолданылатын құралдар міндетті түрде зарарсыздандырылған болуы тиіс екенін ескертті.

Оқи отырыңыз:

Жеміс шырыны адам денсаулығына өте қауіпті болып шықты

ШҚО-да дәрігер тастанды баланы құтқару үшін өзі емізген

Рак дертіне шалдыққан алматылық әйел 5 баламды кімге табыстаймын деп жылады

Министр: Хиджама медициналық қызметке жатпайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар