Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рак дертіне шалдыққан алматылық әйел 5 баламды кімге табыстаймын деп жылады

Бес баланың анасы Әнел Қиарстановаға көмек керек. Оның омырауында қатерлі ісік бар. Отандық медицина ауруы асқынған науқасқа көмектесе алмайтын болған соң көп балалы ана Алматыдағы пәтерін сатып, Оңтүстік Кореяда 8 рет химиялық терапия жасатып келген.

Шетелдік дәрігерлер құлан таза айығып кетуге үміт бар деп отыр. Алайда ол үшін бағасы қымбат ота жасау керек, деп хабарлайды 31 арна.

Былтыр Әнел бесінші баласын өмірге әкелген соң дәрігерлер оған үшінші дәрежелі қатерлі ісік деген диагноз қойыпты. Көп балалы ананың омырауына жара 2 жыл бұрын шыққан, бірақ ол кезде дұрыс диагноз қойылмай оны тек тері ауруынан емделіп келген.

“Диагнозды өте кеш қойып отыр. Ол біздің дәрігерлердің кінәсі. Себебі әйел соңғы екі баласын босанғанда да дәрігерлердің бақылауында болды ғой. Олардың тері ауруын қатерлі ісіктен айыра алмауы таңқалдырады”, – дейді ардагер ұстаз Лилия Соломко.

Жоғары білімі бар келіншек бұрын банкте жұмыс істеген. Кейін өмірін балаларына арнаған. Әнелдің өмірін қатерге тіккен дәрігерлермен соттасып жүретін шамасы жоқ. Отандық медицинаға сенуден қалған ол енді тек шетелдік дәрігерлерден үміт күтеді. Науқасты шетелге жалғыз сіңілісі ертіп барады. Ал ересегі 12-де, кішісі 7 айлық 5 баланы бөтен келіншек  бағып қалмақ. Науқас келіншек «мен міндетті түрде жазылып кетуім керек» деп жылайды, себебі алда-жалда бір нәрсе болып қалса бүлдіршіндерге қорған болатын адам жоқ.

“Қасымдағы сіңілім болмаса басқа табыстап кететін адам жоқ. Өйткені сондай бір қарбалас өмір, әркім өз өмірін өзі көріп жатыр ғой”, – дейді Әнел Қиарыстанова.

Құны 30 мың доллар тұратын отаны Сеулде наурыздың 29-ы күні жасау жоспарланып отыр. Бірақ жалғызбасты ананың ондай қаражаты жоқ. Әзірге бар жиналған ақшасы – бес мың доллар ғана.

Тағы да оқыңыз:

Кіммен төсектес болғанында не шаруасы бар: Ринат Зайытов кей журналистердің қоғамды бұзып жатқанын айтты

Ар-ұятты сатып ала алмайсың, балам: Тұрсын Алагөзов өзін сотқа берген ұлына жауап берді

Димаштың жаңа әні Қытайда телехикаяның саундтрегі болып бекітілді (видео)

Дертінен айыққан Жанар Дұғалова қырғыз әншісімен дуэт жаздырмақ

Талқылау