Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Қол алысқан кезде қолын қатты қысатын адамдар ақыл-ой қабілетімен ерекшеленеді

Манчестер университетінің зерттеушілері қол алысқан кезде қолын қатты қысатын адамдардың ақыл-ой, есте сақтау қабілетімен ерекшеленетінін анықтады.

Ғалымдар: Қол алысқан кезде қолды қатты қысатын адамдар ақыл-ой қабілетімен ерекшеленеді

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мидың денсаулығы мен бұлшық ет күшінің арасында байланыс бары анық байқалады. Ендігі бұлшық еттерді дамытатын әрекеттер, мысалы зілтемір көтеру арқылы миды дамыту мүмкіндігі бар-жоғын анықтауымыз қажет», – дейді зерттеушілер.

Сонымен қатар зерттеушілердің пікірінше, қол қысқанда әлсіздік танытатын адамдар миындағы ақ заттың тығыздығы төмен болады екен. Осылайша, қолды қысу күші арқылы ересек және егде жастағы адамдардың ақыл-ой қабілетіндегі өзгерістерді аңғаруға болады.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда 5-інші қабаттан құлап кеткен бүлдіршін әлі де ауыр жағдайда жатыр

Ет пен тұзды шамадан тыс көп пайдалану онкологиялық ауруларға әкелетіні анықталды

Қостанай облысында 15 жастағы қыз сифилис жұқтырып алған

Ғалымдар: Етті шамадан тыс пайдалану қатерлі ісікке әкеледі

Талқылау