Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Эйр Астана" ақпан айында Үрімші мен Бейжіңге ұшатын кейбір рейстерін қысқартады

Қытайда коронавирустың таралуына және салдарынан коммерциялық төмен жүктемеге байланысты "Эйр Астана" рейстерін қысқартады. 

Нұр-Сұлтанда 128 жолаушысы бар ұшақтан ақау табылып, әуежайға қайта оралды

6, 11 және 18 ақпанда Үрімшіге Нұр-Сұлтаннан жоспарланған рейсін  және 8, 16 және 24 ақпанда Алматыдан жоспарланған рейсін, сонымен қатар Нұр-Сұлтаннан 22 ақпанда Бейжіңге жоспарланған рейсін, ал Алматыдан 19 және 26 ақпанда жоспарланған рейсін орындамайды.

Осы орындалмайтын рейстерінің жолаушыларына әуе компаниясы бағытты өзгертуді, билетті қайта брондауды немесе қайтаруды айыппұлсыз жүзеге асырады. Ол үшін тәулік бойы істейтін брондау және ақпарат орталығына 244 4477 (Алматыда) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларында) телефондары арқылы, сондай-ақ +7 702 702 4477 және [email protected] электрондық поштаcы арқылы немесе билетті сатып алу орнына хабарласу керек.

Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Үрімші мен Бейжіңге аптасына 3 рейсті, Алматыдан Үрімшіге - 4, Бейжіңге  - аптасына 5 рейсті орындайды. Ұшу кестесінде бұдан әрі өзгерістер болған жағдайда, әуе компаниясы қосымша хабарлайды.                                                       

Талқылау