Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ештеңе болмағандай жүре алмаймын": Франция президенті парламенттің төменгі палатасын таратып жіберді

Франция президенті Эммануэль Макрон парламенттің төменгі палатасын таратып, оның орнына мерзімінен бұрын сайлау тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Макрон

Фото Ашық дереккөзден

Франция президенті бұл шешімнің сенімді түрде шығарылғанын алға тартты.

"Өзімді ештеңе болмағандай ұстап жүре алмаймын. Бүгін кешке Ұлттық жиналысты таратамын. Бұл шешім байсалды, ауыр түрде, ең бастысы сенімді түрде қабылданды", – деді ол.

Болжамдарға сәйкес, Марин Ле Пеннің мұрагері Джордан Барделла басқаратын ең үлкен оңшыл "Ұлттық бірлестік" партиясын (31,50%) басқарады. Ренессанс Макрон партиясы кіретін Besoin d ' Europe коалициясы екі есе аз дауыс жинауы мүмкін, 15,20%. Үшінші орын — француз социалистік партиясының 14% нәтижесімен болмақ.



Ал Француз басшысының айтуынша, бұл Еуропаны қорғайтын партиялар үшін жақсы нәтиже емес.

Барделла бұған дейін Франция парламентіне мерзімінен бұрын сайлау қажет ететінін бірнеше рет айтқан.

Кейінгі рет Франциядағы Ұлттық жиналыс 1997 жылы таратылған. Оны Жак Ширак жасаған. Конституцияның 12-бабына сәйкес, жаңа сайлау ескілер таратылғаннан кейін 20-40 күн ішінде өтеді.

Талқылау