Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева болғаны дұрыс: Әріптестері тегін ауыстырған Баянды сынап тастады

Баян ханымның су жаңа тегіне әріптестері неге үйренісе алмай жүр? Есентаева, Мақсатқызы әлде Алагөзова?! Соңғы бір жылда тегін  сан мәрте өзгерткен Баян ханымның су жаңа фамилиясын, әріптестері жатырқап жүргендерін жасырмады.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жуырда ғана заңды түрде неке қидырып, дүйім жұрттан сүйінші сұраған Тұрсенғали мен Баян, ерлі-зайыпты екендерін растайтын ресми құжатты да желіге жүктеді. Дегенмен, танымал продюсердің су жаңа тегі, отандық шоу-бизнес өкілдеріне әлі күнге таңсық естіледі.

“Мен Мақсатқызы деп үйреніп қалғанмын. Сондықтан, маған бәрібір! Мен Баян Мақсатқызы деп айтамын”, – дейді Айдана Меденова.

“Баян Мақсатқызы деген өте әдемі, жарасымды! Өзінің әкесі атақты кісі білемін. Сол себептен, сол фамилияға барлығы үйреніп қалған ғой. Алып жатқан фамилиясы өздері үшін ғой”, – дейді Сиви Махмуди.

«Алагөзова» деуге аузы бармайтындар Баянның бұрынғы тегін сақтағанын  қалайды. Өйткені, продюсердің елге Есентаева болып танылғаны есімізде дейді.

“Енді, Баян Есентаева өзінің фамилиясында қалғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, ол кісі сол фамилиясымен көтерілді. Сол фамилиямен атын жасады. Халыққа Есентаева болып танылды ғой. Сол фамилиясы хит қой негізінде”, – дейді “Меломен” тобы.

“Әрине, Есентаеваға үйреніп қалдық, Баян Есентаева! Фамилиясын өзгерткеннен оның оқырмандары, қолдайтын адамдары азайып немесе көбейіп кетпейді. Өмірдегі кішігірім өзгеріс деп ойлаймын”, – дейді Айқын Төлепберген.

Айтпақшы, өмірін жаңа парақтан бастаған Баянның екінші мәрте қалыңдық атанғанынан экс-жұбайы да хабардар болса керек. Өйткені, 9 жылға темір торға тоғытылған Бақытбектің қарындасы Нағима Есентаева, инста-парақшасы арқылы ағасына адал жар іздейтінін айтып, арнайы пост жариялаған.   

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

2 жасар қызынан жұлдыз жасамақ болған Айдананы әріптестері сынап тастады

Ерке Есмахан хит әнін түрік актерімен бірге орындайтын болды

Нұрмағанбетова: Қайырымдылықтан пайда көргісі келетін, ұйымдастырушыларды алдап кететін әншілер көп

Сіздің арқаңызда: Данэлия Төлешова Димаш Құдайбергенге алғыс айтты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр