Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертегідегідей тойының суретін бөліскен Регина Вандышева жұртты тамсандырды (фото)

16 маусым күні Қазақстанның ең сұлу аруларының бірі атанған Регина Вандышева Италияда тұрмысқа шыққан болатын. Бойжеткен тойының суреттерін бөлісіп, жұртты қызықтырып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Регина ВандышеваСуреттер: instagram.com/reginavandysheva/

Сұлу ару 2014 жылы көрермен қауымды сұлу жүзімен ғана емес, спорттағы жетістіктерімен де таңғалдырған болатын. Енді міне теңін тапқан сұлу өміріндегі ең бақытты күннің суреттерін бөлісті. 

Күйеуінің кім екенін жасырып жүрген ару өзіне қолдау білдірген жанның барлығына алғыс айтты. 

Регина Вандышева

«Тойдың болғанына бір айдан астам уақыт өтсе де, әлі де сезімнің жетегінде жүрмін. Менің арманыма жан бітті. Менімен осы сиқырлы сәтті бөліскен барша жанға алғысым шексіз. Біз осыны армандадық. Біз осы ертегі шындыққа айналуы мүмкін екеніне сендік. Қуанышымызды қатар бөліскен сүйікті, жақын, біртуған жандарға көп рахмет. Олар бізбен бірге әлемнің ең әдемі әрі романтикаға толы жеріне бірге барды. Біздің отбасымыздың махаббатының оты сіздерге де берілсін», - деп жазды Регина Вандышева. 

Регина Вандышева

Регина Вандышева

Желі қолданушылары өз кезегінде оған ерекше қызығып қарайтынын жеткізді. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін "Алматы аруы" байқауының үш бірдей финалисінің тұрмысқа шыққаны туралы хабарлаған едік. 
 

Талқылау