Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар: Ел мен Ернардың ортасындағы махаббатты ешкім жоя алмайды

Ернар Айдар карантин талаптарын бұзып, жалған лотерея ойнатты деп айыпталған еді. Енді әнші ұзақ үзілістен соң халқына тіл қатты.

Тыңдарманым болды: Ернар Айдар келіншегі туралы айтты

"Мен үшін. Мен сүйетін, мені сүйетін халқымның ықыласы мен, берген ақ батасынан асқан байлық та, атақ та жоқ. Ел мен Ернардың ортасына іріткі салып, жаман сөздер жазатын санаулы жандарға айтарым, мен сіздерді жек көрмеймін баршаңызға жақсылық тіледім.

Біреудің астындағы тақпен талассаң да, басындағы бақпен таласа алмайсың, Алланың әр пендесіне бөліп берген несібесі бар, соған шүкір етіп, мақсатына жету үшін өзгені аңдымай, өз кемшілігің мен күресіп аянбай еңбектену керек деп ойлаймын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Алланың қалауынсыз Ел мен Ернардың ортасындағы мықты да мөлдір махаббатты ешкім жоя алмайды. 
Қандай жағдай болса да, мені түсініп, маған сеніп, қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлеріме, халқыма мың алғыс, мен сіздер мен Ернар Айдармын. Бақытты да, қызықты сәттер, парақтап көріңіздер", деп жазды әнші.

Бұған дейін жалған лотерея ойнатты деп айыпталған әншінің басы қалған еді. Әншінің әрекетін құзырлы органдарға дейін тексеріп, жауапқа тартты. Осыдан соң лотерея ойының ұйымдастырушыларың былығы әшкере болды. Желі қолданушылары да жалғандыққа барған әншілерді айыптап жатты. 

"Дұрыс айтасың Ернар. Алланың берген несібесін канағат етіп , әркім өз бойындағы жаман касиеттерден арылса жарар еді", "Әжеміз өте жақсы бата беріпті. Жаңбырменен жер көгерер батаменен ел көгерер дейді ғой осындай баталар көп айтыла берсін әжеміздің батасына қосыламын", "Біздің Ернарсың еңсең түспесін біз әрдайым сені қолдаймыз.Алға ешқашан мойыма. Аман бол", "Төрт аяғы бар жылқы да сүрінеді,  бастысы кішігірім қателіктен сабақ алып болашақта абай болу ғой", - деп басу айтты желідегі оқырмандары.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 22 Шілде, 2020 08:50
Талқылау