Елордалық дүкендерде энергетикалық сусындар мен ішімдіктерді саудалауға тыйым салынды
Елордалық дүкендерде энергетикалық сусындар мен ішімдіктерді саудалауға тыйым салынды. Себеп - құрамындағы қосындылардың шектелген нормадан артық болуы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Қазақстан” Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Зертханалық-сараптамалық тексерістен өткен өнімдердің 19 пайызында зиянды заттар артығымен анықталды. Олардың құрамы Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық талаптарына сай емес. Қазір сауда нүктелеріне санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан бұзушылықтарды жою үшін тиісті ұйғарым жіберілді. Кәсіп иелері өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар мен таратушы туралы ақпарат беруі керек. Ақпаратты бермеген жағдайда сотқа жіберіледі.
"Сол партия бойынша, шығарылған күні бойынша, өнімнің бір партиясына ғана қатысты. Егер де бірнеше партияда қайталанған жағдайда осындай бұзушылық табылса, партиялардың барлығы алынып тасталады", - дейді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Қарлығаш Әбдішева.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
