80 млн теңге бөлінген: Қазақстандықтар елордада мұз қалашығын салуға қарсы шығуда

Елордада 80 млн теңгеге салынғалы жатқан мұз қалашығы қоғамда дау тудырды. Біреулер жобаны қолдаса, екінші топ мүлдем қарсы. Әсіресе, көпшілікті бюджеттен бөлінген қаржы алаңдатып отыр. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы кезде әлеуметтік желіде жиі талқыланған тақырып - Нұр-Сұлтанда салынғалы жатқан мұз қалашығы және оған жұмсалатын қаражат. Астана қаласының Алматы аудандық әкімдігі биыл бұл жобаға 80 млн теңге бөлмек.

"Алматы" ауданында 9 алаң, оның ішінде 3 тұрғын алаптарында 7 мұз төбешігі мен 5 мұз айдыны орналасады. Сондай-ақ, ауданның үш мектебіне 3 мұз айдыны салынады", - деді Алматы аудандық әкімдігінде. 

Арна мәліметінше, мұз қаланың құнына қатысты әкімдік өкілдері ешқандай пікір білдірмепті. 

"Әрине 80 миллионға мұз қала салу, ол менің ойымша, ақылға сыймайтын мәселе. Түсінікті, балалар мектепке бармай жүрген кезде оларға бір қызықты жақсы ойын жасау керек. Бірақ, менің ойымша, астана әкімдігінің салют атып бір ыңғайсыз жағдайға қалғаны бар. Халық оны үлкен сынға алды, осыны сәлде болса ойлану керек еді", - деді саясаткер Дос Көшім.

Нұр-Сұлтанда 80 млн теңгеге тек қар қалашығы салынса, кей өңірде бұл сома қаланы бастан-аяқ безендіріп шығуға жетіп жатыр.

Мәселен, 2017 жылы Өскемен әкімдігінің жаңа жылдық шығыны 70 млн теңгені құраса, Шымкент шаһары безендіру жұмыстарына 40 млн теңге, Көкшетау 20 млн теңге , Павлодар 16 млн теңге,  Орал 14 млн теңге теңге жұмсаған. Ал, Алматы әкімдігіне жаңа жылды қарсы алу үшін 630 млн теңге қажет болса, елордалықтар мерекені 381 млн теңгеге атап өтіпті.

Еске салайық, 2015 жылы жүздеген миллионға салынған қалашық күн күрт жылынып, еріп кеткен еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр