Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде мәжіліс пен мәслихат сайлауы алдында үгіт-насихат кезеңі басталды

Бүгін Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына түсетін кандидаттар мен партиялар үшін үгіт-насихат кезеңі басталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сайлау

Орталық сайлау комиссиясы сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталғанын мәлімдеді. Бұл науқан 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурызда сайлау өтеді.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын берудің шарттары бар. Тәртіп бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда лауазымды тұлғаға 30, ал заңды тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", – деп ескертеді Орталық сайлау комиссиясы.

Назархан Уән
Сенбі, 18 Ақпан, 2023 18:05
Талқылау