Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Павлодарда облысында 5 жастағы бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Екібастұз қаласында болған. Полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша ұл бала 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлаған. Абырой болғанда, бала аман. Қазір ауруханада жатыр.
“Баланың бас сүйегі, іш құрылысына зақым келген. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Барлық ем-шаралар жасалынып жатыр. Бала есін біледі. Жансақтау бөлімінде”, – дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы.
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”