Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Достарымен жүргенін мүлде көрмеппіз" : Ижевск мектебінде оқ жаудырған Артем Казанцев қандай болды?

Ижевскідегі № 88 мектебінде оқ атқан Артем не үшін мұндай әрекетке барғаны белгісіз боп қала бермек. Өйткені ол өзгелерге оқ атқаннан кейін кабинеттердің бірінде өзін-өзі атып өлтірді. Осы мектептің түлегі Артем Казанцевтың қандай болғанын таныстары айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі IZHLIFE сайтына сілтеме жасап.

артем казанцев

34 жастағы Артем Казанцев кезінде өзі оқыған, кейін оқ атқан мектептен 250 метр қашықтықта тұрды. Қылмыскердің көршілері болған оқиғаға сене алар емес. Олар сирена дыбыстарын, айқайларды естіген, алайда бірақ олар мектепте оқ атуды ұйымдастырған көршісі деп ойламады.

"Ол біздің көз алдымызда өсті. Сабырлы, байсалды жігіт еді әрі жалғыз жүретін. Ешқашан амандаспайтын, жанымыздан көзін төмен түсіріп өтеді. Маған  оның психикасы дұрыс емес сияқты көрінетін. Оны достарымен немесе қызбен ешқашан көрген емеспіз. Көшеде қара маска киіп жүрді. Ол жақсы отбасыдан шыққан бала және мұндай қатыгездікке барады деп ойлаған емеспіз", –  деді көршілерінің бірі.

Ер адамның оғаш кейпіне үйреніп қалған көршілер тіпті оның мектепке барғанын көрсе де, ештеңеден сезіктенбес еді.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қылмыскердің пәтерінде жұмыс істеп, зерттеп жатыр. Тергеу 34 жастағы Казанцевті осындай қадамға не итермелегенін әлі анықтай алмады. Онымен қоса, қаруды қандай алғаны ойландырады. Өйткені заңды түрде “шизофрения” диагнозымен оған қару берілмейді.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Ижевск қаласында белгісіз адамның мектепте оқ жаудыртқаны хабарланған еді. 27 қыркүйектегі мәліметтер бойынша соның салдарынан 17 адам қаза тапты.

Талқылау