Діни киім киген сақалды бір топ адамның алдында екінші жігітті аяусыз ұрды (видео)
Әлеуметтік желіде үйдің ауласында ер адамдар арасында болған төбелестің видеосы жарияланды.
Кадрға қарап, оқиғаның жабық аула ішінде болғаны аңғарылады. Куәгерлер төбелесті тоқтатуға тырысқан.
Редакциямызға осы видеоны жолдаған Азамат келеңсіз жағдайдың Қырғызстанда болғанын айтты.
“Мен өзім Қордайда тұрамын. Қырғыз елімен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Сол жақтағы жігіттер осы видеоны көрсетіп, сол елде болған жағдай екенін айтып жатыр. Бізде мысалы ер азаматтар мынандай киім кимейді. Заңмен тыйым салынған. Сондықтан Қазақстанда болды деген жалған ақпарат тарамаса екен деймін. Қазақстанда мұндай ұятты іс болмайды”,-дейді Қордай тұрғыны.
Видеода жанжалға қатысушылар мен куәгерлер қазақша сөйлесіп жүргендей. Желіде пікір қалдырушылар бұған дейін оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысында болғанын айтқан еді
Оқи отырыңыз:
Премьер-министр тараздық оқушы баланың ерік-жігеріне таңғалды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектебінде әлімжеттік өршіп тұр
Интернетте ҰБТ жауаптары саудаланып жатыр
Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі үндеу жолдады (видео)