Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі үндеу жолдады (видео)

ЭКСПО күзетінің жоғалып кеткен басшысының әйелі түсініктемелерге сенбейді.

20170516160036

Сәуір айында жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысы Берік Құсайыновтың әйелі қазақстандықтарға жолдаған бейнеүндеуінде күйеуін іздеуге көмектесуді сұрады. Дана Қабдыкешева өз үндеуін YouTube желісінде жариялап, Берікті көргендер болса, кез келген уақытта +7 702 666 0243 нөміріне хабарласуын өтінген.

590338008f9112_3

ЭКСПО-2017 нысандарын күзетумен айналысатын “SSS Group” ЖШС фирмасының басшысы Берік Құсайынов 22 сәуір күні із-түссіз жоғалып кетті. Сағат 19:00-де ер адам әріптестерімен бірге Сабынды ауылына қарай балық аулауға кетіп, қайта оралмаған.

Әріптестерінің айтуынша, ер адам мас күйінде өзінің Тoyota 4Runner көлігіне отырып, белгісіз бір жаққа кетіп қалады. Алайда, әйелі бұл айтылғандарға сенбейді, өйткені күйеуі ішімдік ішпейді екен әрі достарының да берген түсініктемесі бір-бірімен жанаспайды.

Тағы да оқыңыз:

Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі

Сапарбаев грантқа ілікпеген үздік түлектердің тегін білім алуына көмектеспек

Алматы облысында төрт баланың әкесі 7 айдан бері табылмай жатыр

Талқылау