Интернетте ҰБТ жауаптары саудаланып жатыр

Сейсенбі, 16 Мамыр , 2017 21:49

Елімізде ҰБТ өтпей жатып оның дұрыс жауаптары саудаланып жатыр. Тек оның 20-маусымда басталатын тесттегі сауалдармен сәйкес келетініне ешкім кепілдік бермейді. Бұл туралы КТК хабарлады.

ртрт

Бірақ интернеттегі алаяқтарға сенген аңғал ұл-қыздар бұған қарап жатқан жоқ. Ал Білім министрлігі осы дерек бойынша, Ішкі Істер министрлігіне шағымданып үлгерді. Себебі сынақ сұрақтары мемлекеттік құпияға жатады.

Сынаққа тура бір ай қалғанда ҰБТ-ның жауаптары қызу саудаланып жатыр. Тіпті, пысықайлар бұрынғыдай қағаз шпаргалкаларды емес, ұялы телефонға арналған қосымша да жасаған. Сұрақ пен жауапты топтастырып, кішігірім бизнес ашқандар оны әлеуметтік желілерде ашықтан-ашық саудалауда. Бағасы небәрі мың жарым теңге.

Алдымен киви терминалға ақша саласыз. Түбіртекті суретке түсіріп жібересіз. Кейін сізге бағдарламаны жүктеп алуға мүмкіндік беретін сілтеме жіберіледі.

пав

Яғни, сол сілтеме арқылы орнатылған қосымшада базадағы барлық сұрақтың жауабы болады екен. Бірақ оның рас өтірігі әзірге белгісіз. Мұны алаяқтар ақша табу үшін әдейі ойлап тапқан болуы мүмкін.

“Көп жағдайда олар алаяқтықпен айналысады. Өйткені сіз ол адамдарды көрмейсіз. Бірақ ақшасын төлейсіз. Олардың ойы қалтасын қампиту”, – дейді Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Тұрақты Ынтымақов.

Десе де Білім министрілгі ҰБТ жауаптары алаяқтардың қолына түскен түспегенін анықтау үшін Ішкі Істер министрлігіне арызданған. Қазір полиция тексеруді бастап кетті.

Ал, тест жауаптарын саудалағандар болса, осы даудан кейін зым зия жоғалып кетті. Ұялы телефондарын өшіріп, әлеуметтік желідегі парақшаларын да дереу жауып тастаған. Ұлттық тестілеу орталығы болса, биыл сынақ тапсыратын 100 мыңға жуық түлекке алаяқтарға алданбай, өз күштеріне ғана сенуге кеңес беріп отыр.

Оқи отырыңыз:

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі үндеу жолдады (видео)

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

ОҚО тұрғыны немересіне АҚШ президенті Дональдтың есімін қойған

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар