ОҚО тұрғыны немересіне АҚШ президенті Дональдтың есімін қойды

Дүйсенбі, 15 Мамыр , 2017 12:26

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы Көкібел ауылында АҚШ президентінің аттасы кішкентай Дональд тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170514161455

Өткен жылдың қараша айында сəбиге бұл есімді Кəдірбай атасы қойған.

Атасының сөзінше, үшінші немересінің атын  өткен жылғы сайлауда жеңіске жеткен Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың құрметіне орай қойған.

20170514160848

«Мен өзім инженер-геолог, сәулетшімін. Дегенмен саясатқа қатты қызығамын.  Ұлым Шыңғыстың үшінші ұлы өмірге келгенде АҚШ-та сайлау өткен болатын. Америка сияқты алып мемлекетте саяси тартыс болып, ақыр соңында Дональд Трамп атты миллионер жеңіске жетті.  Бұл тоғызыншы қараша болатын. Немерем екі күннен кейін, яғни 11-ші қарашада дүниеге келді. Сол күні есімін Дональд деп қойдым. Қазақстанда да Дональд Трамп сияқты мықты, бай әрі бейбітшілікті ұстанатын азамат болсын, екі ел арасында татулық орнасын деген ниетпен. Бір айта кетерлігі, баламыз шашы қалың болып туылды аттасы сияқты»,-дейді Кәдірбай Жарқынбеков.

Осыдан кейін Дональдтің әкесі атасының айтуымен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне хат жіберген. Онда Дональд Трамптың аттасы Қазақстанда өмірге келгені туралы сүйінші хабар айтылған. Десе де елшілік әлі қандай да бір жауап бермепті. Бүгінде алты айдан асқан сәбидің  әжесі Райхан апай болса немересінің өзгеше есімін ауылдастарымыз естігенде таңқалып жатты,- дейді.

«Келінім Назгүл үш ұл босанды. Барлығының есімдерін атасы қойды.  Үшіншісі өмірге келгенде  бәріміз Дональд деген есімге қарсы болдық, қазақша есім бере салайық деп. Алайда атасы көнбеді.  Балам өскенде Дональд Трамп сияқты бай, ауқатты адам болады деп. Үлкен азамат болғанда  одан барлықтарың ақша сұрайсыңдар деп әзілдейді. Бүгінде Дональдтың Ханбатыр мен Береке есімді ағалары өсіп келеді. Олардың Дональд деуге тілі келе бермейді. Донди Трамп дейді. Ауылдағылар болса президент немереңіз деп айтады. Емханадағылар атын жақсы біліп алған. Қазір бәрінің де құлағы үйреніп қалды»,-дейді әжесі Райхан Жарқынбекова.

Тағы да оқыңыз:

Қызылорда облысында Бен Ладен мен Саддам Хусейн тұрады

3 жасар сәбидің тілі бірден Құран тілінде шыққан (видео)

24 жастағы қазақстандық Швейцария университетінде сабақ беріп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар