Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Жексенбі, 14 Мамыр , 2017 19:45

Елордалық әкімдік өтемақы сомасымен келіспей, акциямен шыққан, өзіне қазақстандық БАҚ-тың назарын аудартқан Несіпкүл Ұябаеваны үйден шығару жайлы пікірін білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ae1c7823a85edca393fe4a479e406d7f-640x360

Астаналық тұрғын үй басқармасы нақтылағандай, 62 жастағы Раушан Ұябаеваға тиесілі «Майский» бақша серіктестігіндегі учаске  мемлекеттік қажеттілікке орай  240 орындық балабақша салу  үшін мәжбүрлі түрде алуға жатады. Әкімдік қаулысы 2014 жылғы қазанда күшіне енді.

2015 жылы Раушан Ұябаеваға 4,700 млн теңге өтемақы көлемі белгіленді.

«Бұл сома 25 мың АҚШ долларына тең және алынған мүлік үшін әділ өтемақы саналады», – деп санайды қала әкімшілігінде.

Бұдан басқа, тұрғын үй басқармасының деректеріне сәйкес Раушан Ұябаева оған тиесілі жеке тұрғын үйде тұрып жатыр.

Ал Несіпкүл Ұябаеваның меншік құқығында басқа да жылжымайтын мүліктер: жер учаскесі, пәтер тіркелген. Астанада «Майскийде» бақша учаскесі және Жамбыл облысы Шу қаласында жылжымайтын мүлік нысаны бар.

«Осыған қарамастан, Несіпкүл Ұябаева нысанды алуға ешбір құқығының жоқтығына қарамастан, бақша учаскесінде тұрып жатыр. Елорда әкімдігінен тұрғын үй алуға тырысуда.

Бақша учаскелерінде салынған құрылыс жеке жылжымайтын мүлік нысаны болып табылмайды. Уақытша құрылыс мәртебесі бар және маусымдық бақша егу үшін   пайдаланылуы тиіс», – деді әкімдіктен.

Бұдан бұрын Несіпкүл Ұябаева қазақстандық БАҚ-қа оның үйі екі бөлме екенін,  жеті адам тұратынын айтқан. Ол кемі 50 шаршы метр алаңмен өзі қалаған ауданнан пәтер берсе ғана сүруге үйді беретінін айтқан.

Бұған дейін Астана тұрғының баспанасын үйіне бұздырмау үшін Назарбаевтың суреттерін іліп тастағанын жазған едік.

Тағы да оқыңыз:

Қой құлағының ішінен тістері бар ауыз шықты (видео)

Шаханда қаза болған от жағушының отбасына баспана беріледі

Сәбит Абдыхалықов: Елдің қолына су құйып жүргеніміздің өзі үлкен мәртебе

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар