Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбит Абдыхалықов: Елдің қолына су құйып жүргеніміздің өзі үлкен мәртебе

Асанәлі Әшімовтің 80 жасқа толу тойының шетінде жүріп, елдің қолына су құйып жүрудің өзі Сәбит Әбдіхалықов үшін үлкен мәртебе көрінеді.

сабит-абдихалыков-в-цирк

Бұл туралы Сәбит Әбдыхалықов Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Асанәлі Әшімов «Менің бір-ақ жұмысым бар. Ол – 80 жасқа толу. Қалғанын өздерің жасайсыңдар» деген.

Ия, Асанәлі Әшімов былтыр інілеріне айтқан сөзінде тұрды. 80 жасқа толды. Еліміздің 14 облысынан келген барлық өнер қаймақтарының басын қосты. Бес жүз адам жиналған той дүркіреп өтті. Аңыз адамның өнердегі ізбасарлары бұл тойдың тек бастамасы дейді. Өйткені, бір жыл бойы барлық аймақтарда әлемді мойындатқан Асанәлі Әшімовтың туған күні аталып өтеді екен. Ал, сол тойдың шетінде жүріп, елдің қолына су құйып жүрудің өзі Сәбит Абдыхалықов үшін үлкен мәртебе көрінеді.

«Былтыр осы бір дастархан басында әңгіме қылып отыр. Бір інілерім келді дейді Асаға. «Асеке 80 жасқа толасыз, не істейміз қалай істейміз соны ақылдасайық деп едім» депті. «Ей мен сендерге беретін ақылым жоқ. Менің бір-ақ жұмысым бар: 80-ге толып беру. Қалғанын өздерің жасайсыңдар» депті. Сол секілді, міне Асекең 80 ге толды. Ел болып, халық болып тойлап жатырмыз. Тойдың басы көш жүрді бүгін. Енді 17 маусым Дүниежүзілік фестивальмен Астанада тойлайды халқы. Әрі қарай бүкіл облыстар тойлайды. Бір жыл бойы қазақ халқы Асанәлі Әшімовтің 80 жасын тойлайтын үлкен той басталды тағы да. Асекең ақсақалдың осы қуанышында бір шетінде жүріп, елдің қолына су құйып жүргеніміздің өзі үлкен бір мәртебе. Мен бақыттымын», – дейді актер Сәбит Абдыхалықов.

Тағы да оқыңыз:

Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 15 пайдалы кеңес

2017 жылғы Рамазан айына арналған Ораза ұстау кестесі

Ораза ұстау кезінде жіберетін 10 қателік

Талқылау