Премьер-министр тараздық оқушы баланың ерік-жігеріне таңғалды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев кішкентайынан церебралды сал ауруына шалдыққан тараздық бала Исаак Мустопулоның ерік-жігері мен ақыл-ойына таңқалды.

епеп

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жалпы білім беретін мектепте оқитын талантты оқушы туралы бейнеролик үкімет отырысы кезінде көрсетілді. Исаак өзінің денсаулық жағдайына қарамастан астрофизикаға қатты қызығады. Оның арманы әйгілі ғалым Стивен Хокингпен кездесу. Ол қазірдің өзінде космология бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп жүр.

“Қазір менің жасым 15-те. Мен өз қатарларыммен тең дәрежеде мектепке барамын. Қазір қосымша курстар да қосылды, оған менде, сыныптастарым да қатысып жүр. Тең дәрежедегі оқу мені алға қарай ынталандырып, сабақ үлгерімімді биік ұстауға мүмкіндік береді. Сыныптастарымнан қалып қоймау үшін мен үнемі дайындалып, өз-өзімді толықтырып отырамын. Менің болашаққа арнаған көптеген идеяларым бар”, – дейді Исаак.

Қазақстандық баланың жағдайы мен оның тарихы үкімет басшысын да тебірентпей қоймады.

“Рахмет, өте көңіл толқытарлық видео. Шын мәнінде…Егер адамда ынта-жігер болса ол бүкіл қиындықты таптап өтеді”, – деді Сағынтаев.

Оқи отырыңыз:

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі үндеу жолдады (видео)

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

ОҚО тұрғыны немересіне АҚШ президенті Дональдтың есімін қойған

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар