Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайша сөйлеп, ән айтқан Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қытайша сөз сөйлеп, жанкүйерлерін таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш алдымен қытайша бір сөз айтып, оның қандай мағына білдіретіндігін сұраған. Бұл жақында ғана Қытайдың телешоуында орын алыпты. Димаш өзі түскен видеодан үзіндіні өзінің Instagram парақшасында жариялаған көрінеді. 

Видеода әншінің әуенге икемдеп қытайдың сөзін айтқаны байқалады. Кейіннен парақшадағы жазбасында "«zan» сөзі не мағына білдеріді" деп жазып кеткен.

Оның қытайлық фанаттары бұл сөздің «керемет, тамаша» дегенді білдіретіндігін жарыса жазды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергенге дубайлық фанаты бота сыйлаған еді. 
 

Талқылау