Басты жаңалықтар
Диетолог күзде иммунитетті арттыратын өнімдерді атады
Диетолог Елена Соломатина күзде иммунитетті арттыратын өнімдерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NEWS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, күзде консервіленген тағамдардың көмегімен иммунитетті арттыруға болады.
"Күзде консервіленген қызанақ, көкжидек, таңқурай мен кептірілген алма тұтынған пайдалы. Мысалы, қызанақ құрамындағы бета-каротиндер мен ликопендердің белсенділігі термиялық өңдеу кезінде жоғарылайды. Ал консервіленген көкжидек өзінің пайдалы қасиеттерін сақтайды, бірақ қантты көп қосудың қажеті жоқ. Таңқурай, теңіз шырғанағы, алманы кептіруге болады, олардың арқасында калий мөлшері артады", – деді Соломатина.
Диетолог күздің басынан иммунитетті нығайту үшін рационға кәді немесе брокколиден жылы көкөніс сорпаларын қосуды, сонымен қатар қайнатылған немесе бұқтырылған ет пен майлы балықты көбірек жеуді ұсынды.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған