Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар елімізге келіп жатқан туристерден төнетін қауіпті айтып дабыл қақты

Қазақстанды көреміз келіп жатқан шетелдік қонақтардың арасында жалған ақша жасайтын алаяқтар, контрабандашылар, неше түрлі қылмыскер бар. Сенат депутаттарының дерегінше мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда жүріп сотталған. Бірақ біздің отандастарымыз туралы статистика да көңіл көншітпейді. 3 мыңнан астам қазақстандық жат жерде жүріп істі болған.

Бұл туралы “Евразия” бірінші арнасы хабарлайды.

2016 жылдың өзінде Қазақстанға әлемнің 170 елінен 6,5 млн қонақ келген. Тиісінше 10 млн-ға жуық қазақстандық шартарапқа саяхат жасапты. Бас прокуратура берген дерек бойынша, тек биылдың өзінде елімізге келіп, тентектік жасаған 85 шетелдік отанына қайтарылған.

“Қазіргі таңда 3056 Қазақстанның азаматы шетелде сотталыпты. Ал 1278 шетел азаматы біздің елде істі болған. Алай бұл адамдардың барлығына да құқықтық көмек керек. Олар мұндай қолдауға зәру”, – дейді сенат депутаты Владимир Волков.

Халықаралық келісімдер бойынша қандай құжаттар барын білмеуі де мүмкін. Себебі, Қазақстан 55 елмен екі жақты келісім құжатына қол қойған. Бұдан бөлек 8 халықаралық конвенцияның мүшесі. Сондықтан, шетелде қалған отандастарымызға тиісті құқықтық көмек берілуде. Мұны бас прокурордың орынбасары да тәптіштеп тұрып айтып берді.

“Қазіргі тәжірибе бойынша біз сотталғандарды тек елімізге әкеліп қоймай, өздерінің туыстары тұратын жердегі колонияға жібереміз. Сол сияқты біздің елде Сербия азаматы қылмыспен сотталса, оны қамауда ұстап, бюджеттен ақша жаратпай өз елінде жазасын өтеуге мүмкіндік туғызады”, – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Дегенмен, депутаттардың да алаңдайтын жөні бар. Соңғы 5 жылдың өзінде еліміге туристік сапарды сылтауратып келетін қой терісін жамылғандар көбейген. Мәселен, жуырда екі баласын өлтіріп тоңазытқышқа салған өзбекстандықтың жантүршігерлік әрекеті заң шығарушы органның өкілдерінде ойландырғандай.

“Әрбір тәулікте бір тұтқынды ұстауға 2 мың теңгеден қаржы жұмсалады екен. Есептей беріңіз”, – дейді заңгер Виктор Журавлев.

2012 жылы Алматыдағы сауда орталықтарында тонаушылықпен айналысқан Иранның екі азаматы ұсталды. 2013 жылы банкоматтардан түрлі жолмен ақша жымқырып, алаяқтық әрекет жасаған Болгарияның, Грузияның және Камерундық қонақтардың қылмысы әшекере болды. Ал былтыр Шымкентте жалған ақша шығарып жүрген Нигериялық қолға түсті. Жуырда Атырау облысында қара уылдырықты контрабанда жасады деген күдікпен 2 франциялық істі болған еді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден беріледі

Петропавлда зират басындағы гүлдерді ұрлап сатумен айналысқан саудагер ұсталды

Петропавлда бір ғасыр бұрын бой көтерген үйді паналап келген тұрғындар қоныс тойын тойлауда

Алматыда бензиннің 10 күндік қана қоры қалды

 

Талқылау