Петропавлда зират басындағы гүлдерді ұрлап сатумен айналысқан саудагер ұсталды

Петропавлда зират тонаған саудагер ұры құрықталды! Түнделетіп қорым аралаған ол қабір басындағы гүл шоқтарын қолды қылып, күндіз бар олжасын сатып отырған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Осылайша арам жолмен ақша тауып келген әккі оқиға орнында ұсталды. Ұрыны құрықтау үшін арнайы операция жүргізген сақшыларға зираттың күзетшісі көмектескен. Алғашында көлігінен табылған гүл шоқтары мен дестелерді қоқыстан тауып алдым бет бақтырмаған ұры, кейін бәрін мойындапты.

Қолға түскен 37 жастағы күдікті оңай олжасын өзінің сауда нүктесінде сатып келген екен. Ал, мұндай жайсыз оқиға жайында жаз айынан бастап сақшыларға арыз түсе бастаған. Онда тұрғындар марқұмдардың қабірінің басына қойылған гүл шоқтарының жоғалып кетіп жатқанын айтып шағымданған. Енді ұры үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Петропавлда бір ғасыр бұрын бой көтерген үйді паналап келген тұрғындар қоныс тойын тойлауда

Алматыда бензиннің 10 күндік қана қоры қалды

Алматылықтар үй ішінде қолшатыр ұстауға мәжбүр

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар