Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бензиннің 10 күндік қана қоры қалды

Бұл шамамен 15 мың тонна сұйық отын. Жанармайдың жетіспеушілігін жұрт қазірдің өзінде сезініп жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Kapital.kz

Таңнан бері бекеттердің көбі сауданы тоқтатқан. Бензин бар дегендердің өзі тек талонмен таратуда. Дегенмен, әкімдік жақын күнде мәселе шешіледі деп сендіруде. Қала билігі қазір Энергетика министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр екен.

Қайырлы күн, Ерланби! Иә, өткен аптадан бері жалғасып келе жатқан жанармай тапшылығы Алматыға да жетті. Көпшілік бензин бекеттеріндегі көрініс бірдей.

Ұзын-сонар кезек. Ақшаға бензин табылса, жүргізушінің жолы болғаны. Ал, бекеттердің көбі тек талонмен беріп жатыр. Ақшаның барынан не пайда, құярға бензин таппасаң. Алматылық жүргізушілердің әуені осындай. Талонсыздардың күні қараң. Шаһардағы санаулы жанармай бекеттерінде бензин қолжетімді. Бірақ, оны алу үшін кейде бір сағат сарп болады.

Жанармай бекеттерінің иелері болған жайды түсіндіруден түбегейлі бас тартып отыр.  Жауаптары «жоқтан» ары аспайды. Қысылтаяң кезеңге тап болғандарын Алматы әкімдігі де жоққа шығармайды. Ірі жанармай құю желілеріндегі бар жоғы 15 мың тонна бензин қоры тек 10 күнге жетеді екен. Министрлік көмекке келмесе, жағдай мүшкіл болмақ.

Әкім орынбасары айтқан, қосымша жанармай қоры әлі шешілмеген мәселе. Сондықтан, Алматының жүргізушілеріне әлі талай бекет алдында сағаттап кезекке тураға тура келетін сыңайлы. Ал, сарапшылар, жылдағы қайталанатын бұл жағдайды шешудің тек бір жолы барын айтады. Қазақстанға төртінші мұнай өңдейтін зауыт қажет.

Бұл сұрақ 2009 жылы алғаш рет көтерілген болатын. Бірақ, әлі күнге өз жүйесін таппады. Энергетика министрлігі төртінші зауытты салуға құлық танытпай отыр. 2018 жылы Павлодар, Атырау, мен Шымкенттегі зауыттар толық жөндеуден өтсе, тапшылық тамырымен жойылады деген сенімде. Бензин бағасы болса, күннен күнге өсіп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматылықтар үй ішінде қолшатыр ұстауға мәжбүр

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін

Қазақ қызы Жапонияның үздік студенті атанды

Жұрт ұшақ апатынан мерт болған Талғат Патсаевты ақтық сапарға шығарып салды

Талқылау