Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төртінші рет: Денсаулық сақтау министрлігі тағы да елімізде коронавирустың екінші толқынын болжады

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстандағы коронавирустың екінші толқыны туралы жариялады.

Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай соңғы бір айда нашарлаған.

«Біз қазірдің өзінде коронавирустың екінші толқыны жүріп жатқанын түсінеміз. Біз оны бірінші, екінші толқын деп бөлмейміз. Шын мәнінде аурудың өсуі байқалады. Біз жағдайдың дамуын пессимистік емес, нақты көзқараспен бақылап отырмыз деп айтуға болады. Мұнда өсу байқалады. Біз екінші толқынның даму сатысындамыз деп айтуға болады, өйткені сырқаттану деңгейінің өсуі толқын тәрізді», - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ОКҚ брифингінде.

Ол сондай-ақ «бұғаттау туралы да мәселе жоқ» деп жауап берді. «Әзірге «қызыл» аймақта тек екі аймақ бар, қалғандары «сары аймақта», - деп қосты ол.

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер соңғы айда елде коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлағанын айтқан еді.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны туралы бірнеше рет айтқан. Ведомствоның экс-басшысы Елжан Біртанов та екінші толқын мамырда басталғанын айтқан болатын. Осылайша, ҚР денсаулық сақтау министрлігі осымен төртінші рет коронавирустың екінші толқыны Қазақстанда басталатынын айтуда. 


ДДСҰ коронавирустың екінші толқыны жоқ деп мәлімдеді

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Қаңтар, 2021 17:55
Талқылау