Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны мамырда басталып кетті - Біртанов

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны мамыр айында басталып кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

"Қазақстанда коронавирустың бірінші толқыны өтіп кетті: індеттің өршуі сәуірдің екінші жартысында болды. Содан кейін ауру жұқтырғандардың саны азая бастады. Мамырдың ортасына қарай ахуал қайта жандана бастады. Осы кезде аурудың екінші толқыны басталған еді",  - деді министр. 

Бұған қоса ол індеттің екінші толқыны келе жатыр деп айтқан сарапшылардың пікірін мысалға келтірді. Сөзінше, келесі жолы коронавирус тұмау эпидемиясы мен ауыр вирустық инфекциялар таралатын қыркүйек айымен тұспа-тұс келуі мүмкін екен. 

"Біз үйреншікті аурулармен қоса, басқа да аурулардың, мәселен коронавирустың таралуын жоққа шығармаймыз", - деп қосты Біртанов. 

Еске салайық, бұған дейін министр қайтыс болған науқастардың қаншасы коронавирустан көз жұмғандар қатарына қосылмағаны жайлы айтқан еді. 


Біртанов карантин кезінде қазақстандықтарды митингке шықпай қоя тұруға шақырды

Талқылау