Дәрігер COVID-19-ды жиі жұқтыру өлімге алып келетінін ескертті
Коронавируспен үш немесе бес рет ауырған адамда ауыр патологиялық жағдайлар болуы мүмкін. Бұл туралы дәрігер-инфекционист Евгений Тимаков "Говорит Москва" радиостанциясының эфирінде ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол бірнеше инфекциядан кейін адамда қанның ұюы мен қан тамырларының жұмысында проблемалар туындауы мүмкін екенін түсіндірді.
"Коронавирустық инфекциядан аутоиммунды аурулардың даму қаупі бар", - деді дәрігер.
Сонымен қатар Тимаков жиі вакцинация жасағаннан иммунитеттің асқынуы мүмкін екенін де айтты. Сондай-ақ маман COVID-19-бен ауырған бір-екі айдан кейін екпе алуға болады деп есептейді.
- "Қазақстанда өткен жылы пандемия жойылды": Желіде таралған ақпарат қазақстандықтардың қызу талқысына түсті
- Дәрігер С дәрумені жайлы аңызды жоққа шығарды
Бұған дейін АҚШ-тағы Орегона университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы "супериммунитет" қалыптастырудың жолын айтқаны туралы жазылған болатын.
Зерттеу нәтижесі бойынша, COVID-19-дың омикрон штамымен ауырған адамдардың вакцина салдырғаннан кейін, вирустың басқа түрлеріне қарсы төзімділігі жоғарылаған. Осылайша дельта штаммы таралып жатқан уақытта ауырған адамдар Pfizer екпесін екінші рет салдырған науқастарға қарағанда мың пайызға артық қорғанысқа ие болды. Ғалымдардың пайымынша, ауырғандар "қалыпты иммунитетке", ал екпе салдырғандар "супериммунитетке" ие болады.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
