"Қазақстанда өткен жылы пандемия жойылды": Желіде таралған ақпарат қазақстандықтардың қызу талқысына түсті
Әлеуметтік желілерде көпшілік арасында өткен жылы Қазақстанда COVID-19 пандемиясының жойылғаны туралы ақпарат тарап, талқыға түскен болатын. Алайда бұл пікірді ҚР ДСМ санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.
Бұндай ақпарат телеграм сайтында талқылауға түскен. Бұл төтенше жағдай болғандықтан пандемияны ауруды тарататын патогенге қандай да бір жолмен қарсы тұратын шешім пайда болған кезде ғана тоқтата аламыз.
“Пандемия тек Қазақстанда емес бүкіл әлемде жалғасуда. Қазір эпидемиологиялық жағдай нашарлап, омикрон және SARS-CoV-2 вирусының басқа нұсқалары тез таралуда. Карантин шаралары жеңілдетілгенімен пандемия әлі де өршіп тұр. Сондықтан вакцина салдырып вирустардың жұғу қарқынын тоқтатуымыз керек”,- деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сол себептен пандемияның жойылуы туралы қауесет жалған ақпаратқа жатады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”