Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Өтемұратов Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде көш бастады

Болат ӨтемұратовФото: forbes.kz

ForteBank акциялары күрт қымбаттағаннан кейін кәсіпкер Болат Өтемұратов Қазақстандағы ең бай адам атанды. Оның байлығы екі аптада 2,5 еседен артық өсіп, 9,56 миллиард долларға (4,99 триллион теңгеге) жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осылайша, ол Вячеслав Кимді (7,1 миллиард доллар – 3,7 триллион теңге) басып озды. 2025 жылғы 27 маусымда ForteBank Home Credit Bank-ті сатып алу бойынша принциптік келісімге қол жеткізгенін хабарлады. Банк бұл мәмілені реттеушілер мақұлдағаннан кейін аяқтайтынын мәлімдеді. Осы жаңалықтан кейін ForteBank акцияларының құны шарықтай бастады.

26 маусымдағы сауда сессиясының жабылу кезінде ForteBank акцияларының бағасы 7,87 теңге болған. Ал алдағы екі аптада олардың бағасы 5,7 есеге өсіп, Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сәйкес, 44,89 теңгеге дейін жетті.

2025 жылғы 27 маусым мен 11 шілде аралығында KASE-де 10 сауда сессиясы өтті. Әрбір сессияда ForteBank-тің нарықтық құны өсе берді. Бұл кезеңде акциялар орта есеппен әр сессияда 18,2%-ға қымбаттаған. Ең жоғары өсім 10 шілдеде тіркеліп, бір күнде 31%-ға артқан.

Нәтижесінде, банктың нарықтық құны екі аптада 711,9 миллион теңгеден 4,06 триллион теңгеге дейін, яғни 3,35 триллион теңгеге өсті.

Forbes дерегі бойынша 2025 жылғы 15 мамырда Өтемұратовтың жалпы байлығы 3,7 миллиард доллар деп бағаланған. ForteBank-тегі үлесінің күрт өсуіне байланысты, оның байлығы бүгінде 9,56 миллиард долларға жетті. Ал Вячеслав Кимнің байлығы 7,1 миллиард доллар көлемінде қалып отыр.


Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімі жарияланды


Тұрсен Алагөзов 100 пәтер сыйлауына бизнесмен Нұрлан Смағұловтың шабыт бергенін айтты


Еске салайық, бұған дейін 94 жастағы ең бай америкалық инвестор Уоррен Баффет осы жылдың соңына дейін Berkshire Hathaway конгломератының бас директоры қызметінен кететінін мәлімдеді. 2024 жылы Berkshire Hathaway технологиялық сектордан тыс капитализациясы 1 триллион доллардан асқан алғашқы америкалық компания болды.

Айым Атамбаева
Сенбі, 12 Шілде, 2025 11:26
Талқылау