Болашақ күйеу баласын сынау үшін оны сабап тастаған әйел жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Оңтүстік Америкада әйел болашақ күйеу баласын сынау үшін оны таяқпен ұрып тастады. Осылайша әйел оның жауапкершілігі мен төзімділігін тексермек болған, деп хабарлайды Stan.kz.
Оңтүстік Американың Перу қаласында әйел әйел болашақ күйеу баласын сынау үшін оны таяқпен ұрып тастады.
Видео кадрларынан байқалғандай, әйел болашақ күйеу баласын орындыққа еңкейтіп қойып, жамбасынан таяқпен ұрады. Бұған шыдамаған ер адам атып тұрып, әрлі-берлі жүреді. Кадр сыртындағы біреудің жергілікті тілде ер адамға қарата сөйлеп жатқаны көрінеді. Мұнан кейін болашақ күйеу бала орнына қайта тұрып, әйел тағы ұра жөнеледі.
Ал видео жазбасында бұл Перудегі дәстүр екені айтылған. Бұл өңірдегі дәстүр бойынша, ер адам ұнатқан қалыңдығына үйленуі үшін, алдымен болашақ енесінен таяқ жеуі керек. Осылайша қалыңдықтың туыстары болашақ күйеу балаларының жауапкершілігі мен төзімділігін тексереді екен.
Өз кезегінде желі қолданушылары аталған дәстүрді көріп, қайран қалды. «Енесі рахаттанып ұрып жатыр ғой. Күйеу баласы райынан қайтып қалып жүрмесін», «Сұмдық, қарап отырып жүрегім ауырып кетті ғой», «Мұндай дәстүр бізде болса, үйленбей кететін сияқтымыз ғой», – деп жазды желі қолданушылары.
Оқи отырыңыз:
Ескі телефонды сыйға алған қаңғыбас әлеуметтік желіде жұлдызға айналды
Бүкіл денесіне татуировка жасатқан ер адам бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр (фото)
Ғалымдар диетаның ең пайдалы түрін анықтады
Әлемдегі ең үлкен 82 келі болатын күшік өсуін тоқтатқан жоқ (видео)