"Шоколадты құлпынай сатқан" Шымкент тұрғыны үш жылға сотталды
Фото: pixabay.com
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында шоколадты құлпынай сатамын деп алдаған тұрғындарға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірнеше тұрғын 2025 жылдың 8 наурызда "ТикТок" әлеуметтік желісінде "Шоколадты құлпынай" сатылатыны туралы жалған жарнама жасаған. Нәтижесінде, 13 жәбірленушіні алдап, олардың ақшасын алаяқтық жолымен иемденіп, оны өзара бөлісіп, өз пайдасына жаратқан.
Прокурор сотталушыларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленушілер кешірім берген.Сотталушылар кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Нәтижесінде, сот ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танып, әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Еске салсақ, осыған дейін Орал тұрғыны гүл мен шоколадты құлпынай үшін 500 мың айыппұл төлеген еді.
Талқылау

"Биатлоннан футболға дейін": Жоғары аудиторлық палата миллиардтаған қаржы бөлінсе де, медаль әкелмеген спорт түрлерін атады
Спорт саласында жалпы 17 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықталған

"Бала сүймедік": Қажылыққа жинаған ақшасын мүгедек балаларға бөліп берген қария өмірінен сыр шертті
Қария үлкен қажылыққа емес, кішісіне баратын болды