Ескі телефонды сыйға алған қаңғыбас әлеуметтік желіде жұлдызға айналды

Брайтонда Чарльз Хеннесси есімді үйсіз-күйсіз жас жігіт көшеде күнелтіп жүрген. Алайда жолында кездескен мейірімді жан ескі телефон сыйлап, Twitter желісінде парақша ашқаннан кейін, жігіттің өмірі күрт өзгерген.

Бұл туралы Indy100 басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Чарльз өзінің жазбаларында өзінің жай-күйі, үйсіз-күйсіз жүру, өзінің ешкімге керексіз екені туралы жанайқайын жеткізген.

«Маған бір адам өзінің ескі телефонын берді. Жергілікті «Костада» тегін уай-фай желісі бар. Оның сыртында жылынып, Twitter-ге кіруге болады», – дейді Хеннесси.

Ер адам желідегі жазбасында: «Телефонымды қуаттандыра аламын. Галереяның сыртқы жағында қуаттандырғыш бар», «Бүгін күн суық. Жылы жерде түнелткім келеді», «Үйсіз болу – өте жаман», «Мен үйсізбін. Жауыз емеспін. Нашақор, ақымақ, алаяқ, алқаш емеспін», – деп жазған.

Тіпті жас жігіт өзіне «Чарли – қоқыс қабы» деген логин ойлап тауыпты.

«Егер менімен жағымды ортада кездессеңіздер, өзімнің сіздерге ұнайтыныма сенімдімін. Мен – жаман жігіт емеспін. Тек әзірге үйім жоқ. Бары осы», – деп жазады ол.

Екі күннен кейін Чарльздің парақшасына 8 мың оқырман жазылған.

Сонымен қатар Чарлидің оқиғасы туралы құлағдар болған мейірімді жандар оның PayPal-дегі аккаунтіне ақша жібере бастаған. Осылайша жас жігіт бөлме жалдап, аяққа тұру үшін аздаған ақша жинап алыпты. Жігіттің сөзінше, ол қажетті сомадан артық ақшаны алғысы келмеген. Тіпті, желі қолданушыларынан ақшаны қайырымдылық ұйымдарына жіберуді сұраған көрінеді.

«Мен ұзақ уақыт үйсіз жүрдім. Осылайша алдағы күнімді ойлау сынды қабілетімнен айырылдым. Бар ойым ертеңгі күнге қалай жететінім туралы болатын. Бірақ мен бүгін жылы бөлмеде, төсекте ұйықтай аламын. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет алдағы күнім туралы ойлай аламын. Көрсеткен көмектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рахмет! Қатты қысылып тұрмын. Сіздерді жақсы көремін», – деп жазған Чарльз.

Чарльз желідегі алғашқы жазбасын жариялағаннан 9 күн өткеннен кейін жағдайының жақсарып келе жатқанын жазған. Оған жұмысқа орналасу жөнінде ұсыныстар түсіп, тіпті, жататын орын да тауыпты. Жігіт желідегі оқырмандарынан өзіне ақша жібермеулерін және басқа да қаңғыбастарға назар аударуларын сұраған.

«Адамдар маған көп жақсылық жасады. Баспанамен көмектесу жөнінде жазған жазбамды өшіріп тастадым», – деп жазады Чарльз.

Оқи отырыңыз:

Бүкіл денесіне татуировка жасатқан ер адам бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр (фото)

Ғалымдар диетаның ең пайдалы түрін анықтады

Әлемдегі ең үлкен 82 келі болатын күшік өсуін тоқтатқан жоқ (видео)

Әйгілі фильмдердің әнін орындаған тотықұс жұртты таңғалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар