Александр Бублик Галледе ширек финалды сәтті еңсеріп, келесі кезеңге өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
20 маусым күні Германияның Галле қаласында ұйымдастырылған ATP 500 санатындағы шөп кортындағы турнирде жекелей сында үш ширек финалдық матч өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сол кездесулердің бірінде Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик чехиялық Томаш Махачпен кортқа шығып, тартысты өткен матчта жеңіске жетті.
Ойын 1 сағат 22 минутқа созылып, екі сетпен аяқталды. Бублик қарсыласынан 7:6 (7:2), 6:3 есебімен басым түсті.
Келесі кезеңде Бублик финал жолдамасы үшін кортқа шығады. Бұл матч 21 маусымға жоспарланған. Оның қарсыласы Томас Мартин Этчевери (Аргентина) мен Карен Хачанов (Ресей) арасындағы ойыннан кейін белгілі болады.
Еске салайық, Александр Бублик бұған дейін әлемнің екінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді жарыстан шығарып, үлкен сенсация жасаған еді.
Махачты жеңгеннен кейін Бублик ATP-дің Live-рейтингінде 43-орыннан 37-сатыға көтерілді.
Талқылау

"Биатлоннан футболға дейін": Жоғары аудиторлық палата миллиардтаған қаржы бөлінсе де, медаль әкелмеген спорт түрлерін атады
Спорт саласында жалпы 17 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықталған

"Бала сүймедік": Қажылыққа жинаған ақшасын мүгедек балаларға бөліп берген қария өмірінен сыр шертті
Қария үлкен қажылыққа емес, кішісіне баратын болды