Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүкіл денесіне татуировка жасатқан ер адам бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр (фото)

Францияда Сильвен есімді ер адам бүкіл денесіне татуировка жасатып тастаған. Ер адам сырт келбетіне қарамастан, бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр.

Бұл туралы Konbini басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Париж көшелерінде жүрген Сильвен өзгелердің назарына бірден түседі. Оған себеп ер адамның сырт келбетінің өзгешелігі екені анық.

«Мен қоғамдық орындарға барғанда, адамдар бірден жанарын тайдырып әкетеді. Олар маған қарауға қорқады», – дейді Сильвен.

Сильвеннің бүкіл денесіне татуировка жасалған. Алайда ол бұған қарамастан, бастауыш сынып мұғалімі және модель болып жұмыс істейді.

Ер адам Ұлыбританияда тұрған кезінде денесіне татуировка жасата бастаған.

«Өз денелеріне масаттанатын британдықтар маған шабыт берді. Мұғалім болып жұмыс істеп жүрген кезімде кеудеме, қолым мен аяғыма татуировка жасаттым», – дейді Сильвен.

Сильвен Францияға қайтып келгеннен кейін де денесіне татуировка жасатуды жалғастырған. Алайда бастапқыда денесіндегі татуировкасын киім астында жасырып жүрген. Ал денесінде татуировкадан бос орын қалмаған кезде, ер адам денесін жасыруды доғаруды ұйғарған.

«Франция азаматы бола тұра, мен қалаған дүниемді жасай аламын. Менің әріптестерім, балалар мен  олардың ата-аналары бұған үйреніп кетті. Шындығында, олар – ашық адамдар. Ал балаларға келер болсақ, олар мені осы қалпымда қабылдайды», – дейді Сильвен.

Сильвеннің денесінің оң жағы олдскул стиліндегі, ал сол жақ бөлігі жапон стиліндгі татуировкаларға «арналған». Ер адам үшін, денесіндегі әр татуировканың мағынасы бар көрінеді.

Ер адамның денесіндегі татуировкалар жұртшылықтың назарын тартатын болғандықтан, оны фильмдерге түсуге шақыра бастаған. Алайда оған бұйырған рөлдердің бәрі бірсарынды көрінеді.

«Әдетте мен сарбаздың, қаскөй, үнемі қыдырып жүретін кейіпкерердің рөлін сомдаймын. Алдағы уақытта басқа да рөлдер ұсынылады деп ойламаймын. Бірақ рөл сомдауға қарсы болмаймын», – дейді Сильвен.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар диетаның ең пайдалы түрін анықтады

Әлемдегі ең үлкен 82 келі болатын күшік өсуін тоқтатқан жоқ (видео)

Әйгілі фильмдердің әнін орындаған тотықұс жұртты таңғалдырды (видео)

Әріптесінің сұрағына қабағын түйген журналист күлкіге қалды (видео)

Талқылау