Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Жахан Отарғалиев пен "Kesh You" тобының экс-мүшесі Балжан Бидаш үйлену тойын дүркіретіп атап өтті

Екі жыл бұрын шаңырақ көтерген әзілкеш Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш жақындарының басын қосып, ұлан-асыр той жасады. Той 90-жылдардың стилінде өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актер, блогер Жахан Отарғалиев жұбайының көптен күткен арманын орындағанын айтты. 

"Негізі той жасау мүлдем жоспарда болмаған. Бар ойым Балжанның арманын орындап, ақ көйлегін кигізіп фотосессия жасау болған. Бірақ аяқ асты екеуіміз ақылдасып:"Неге тойДЫ 80/90 жылдардағы стильде жасамасқа?" деген идея туды. Идеяларымнан өзім қорқатын болдым. "Асығыс жасап қойған жоқпыз ба?" деген ой да болды, бірақ Аллахқа шүкір бәріне ұнады. Осындай маңызды күнімізде бізді қолдаған достарыма мың алғыс, сіздерге де ерекше рахмет! Тілектеріңізді оқып тауыса алмай жатырмыз", – деп жазды Жахан Отарғалиев. 

Екі жастың тойында танымал продюсер Баян Алагөзова мен Тұрсын Алагөзов те төбе көрсетті.

“Той осындай жандармен, көңілді достарымызбен керемет өтті. Өнердегі мамам, сахнада жолым ашылуына күшін салған жанға қуанышта бірге болғанға, асықпай жеткізген шынайы тілектеріне алғысымды білдіргім келеді. Баян Алагөзова мен Тұрсын Тұрымұлы, қуанышымызға ортақтасып келгендеріңіз үшін рахмет! Өздеріңіз айтқандай, құрметіміз бен сыйластығымыз таусылмасын”, – деп Балжан Бидаш өнердегі тәлімгеріне ерекше алғысын білдірді.

Әлеуметтік желіде Жас жұбайлардың неке қию сәтінен суреттері мен видеолары тарады.

 

Бір қызығы, ерлі-зайыптылардың тойына күйеу жігіттің де, қалыңдықтың да ата-анасы қатыспады. 

Желі қолданушылар жас жұбайларды қуанышымен құттықтап ақ тілектерін жаудырды. Оқырмандардың кейбірі Жахан мен Балжанның не себепті араға екі жыл салып той жасап жатқанын түсінбей дал.

“Бақытты болыңыздар өте күшті жұп”, “Шаттыққа шомылып, молшылыққа малынып, бақыттан көз ашпай ғұмыр кешіңіздер”, “Жұптарың ешқашан ажырамасын”, “Енді ғана үйленіп жатырсыздар ма? Мен сіздерді ерлі-зайыпты деп ойлағанмын”, “ЗАГС-ке енді тұрып жатсыңдар ма?”, “Осы уақытқа дейін азаматтық некеде тұрғансыздар ма?”, – деп жазды желідергілер.

 

Бұған дейін Балжан Бидаштың күйеуіне ән арнағаны туралы жазған болатынбыз.

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 02 Мамыр, 2023 09:36
Талқылау