Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KeshYou тобының экс-мүшесі Балжан Бидаш жұбайына ән арнады

KeshYou тобының экс-мүшесі Балжан Бидаш жұбайы әзілкеш, актер Жахан Утарғалиевке арнап, ән шығарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын отау құрған әнші көптен күткен ақ көйлегін енді киді. Жас жұбайлар алғаш тойға арналған фотосессиясын жариялап, халықты сүйсіндірді. 

Әнші Бидаш жұбайына арнаған әнінің ұзіндісін жариялап, толық нұсқасын тойдан кейін шығаратынын мәлімдеді.

“Отағасына арнап Love Story-ға жаңа әнім шықты. Толық нұсқасын тойдан соң саламын. Әзірге баға бере беріңіздер. Қысқа да нұсқа тостқа тойдан сыйлық бар”, – деп жазды Балжан Бидаш.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш үй алғаны хабарланды.

Талқылау