Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екінші пәтер: БҚО әкімдігі тоқ соғып, қос қолынан айырылған баланың отбасына үш бөлмелі пәтер береді

22 маусымда Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ауруханада ем қабылдап жатқан Аманжол Орынбекұлының жағдайын біліп қайтқан. 4 жасар баланы 24 мамырда тоқ соғып, қос қолынан айырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Ғали

Аймақ басшысы Аманжолға толыққанды көмек көрсетілетінін айтты. Отбасының шалғай ауылда тұратынын ескере отырып, Ғали Есқалиев салынып жатқан 9 қабатты үйден 3 бөлмелі пәтер беру туралы шешім қабылдаған. 

Үйдің құрылысы жаз соңында аяқталады әрі облыстық балалар ауруханасына жақын орналасқан. Қазір Аманжол мұнда ем қабылдап жатыр. 



Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер зардап шеккен баланың отбасына бір күндік жалақыларын аударады. 

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкерлер кішкентай Аманжолға пәтер мен протез сыйлатыны туралы хабарлаған едік. Туысының сөзінше, пәтер сатып алынып қойған, ал кілті келесі аптада табысталады. 

Талқылау