Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов ұлы үшін Ақбота екеуінің қабылдаған соңғы шешімін айтты

Отандық жұлдызды жұп Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің қарым-қатынасы әлі де жұр назарында. Атышулы жұптың бас қосқаны да, ажырасқаны да көпшіліктің қызу талқысына түсті. Отбасындағы қарым-қатынас туралы әдетте үнсіз қалатын актер Дәурен Айдарқұлов бұл жолы Ақботамен арасындағы қатынастың нүктесін қойды, деп хабарлайды Stan.kz.

Актер Instagram желісіндегі парақшасында Ақботамен қарым-қатынасы туралы ашық айтып, көпшіліктің пікіріне бола бас қатырмайтынын жеткізді.

«Біз біргеміз. Болды. Осымен тақырыпты жабамыз. Бізді қолдағандарға ізгі ниеті үшін алғыс айтамын. Ал қарсы болғандардың пікіріне түкіргенім бар. Ұзақ уақыт үндемедім. Мұнан кейін де үнсіздік танытып, өз қалауымша өмір сүруді жалғастыратын боламын. Мұның бәрі отбасымды сақтап қалу мақсатында жасалады», – деп жазды Айдарқұлов.

Айта кетсек, күні кеше Ақботаның кешірімін алған Айдарқұлов желіде қуанышты жаңалығымен бөліскен еді.

Оқи отырыңыз:

Тойдан шықпайтын Жанболат пен Жазира алғаш рет демалысқа аттанды

Фархад Абдраимовтың жаңа фильмінде кейіпкердің пәктігі сатылымға шығарылды

Жан Мұқанов: Тек той әншілері ғана ауылға барады

Отандық жұлдыздар қысқы демалыста қандай оқиғаларға тап болды?

Талқылау